Біз туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға білім беру қызметтерін көрсететін Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық балабақша ретінде қарастырылады.

МИССИЯСЫ: мектепке дейінгі білім беру кезеңінде болашақ қазақстандықтардың табыстылық негіздерін қалыптастыру.

БОЛАШАҒЫ: Балаларды дамыту мен оқытудың заманауи қызметтерін көрсететін ҚР-дағы мектепке дейінгі білім беру көшбасшысы.

Кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымы және штаттық кестесімен, білікті педагогикалық және медициналық кадрларымен, заманауи материалдық-техникалық базасымен және ішкі нормативтік актілер мен әдістемелік құралдардың жеке қорымен ерекшеленеді.

Кәсіпорынның үш балабақшасы бар:

- жалпы жобалық қуаты - 750 орын;

– топтар саны - 34.

Балабақшалар қызметінің басым бағыттары:

№ 1 балабақша – көркем-эстетикалық;

№ 2 балабақша – экологиялық;

№ 3 балабақша – танымдық-сөйлеу, интеллектуалдық.

2021 жылғы желтоқсанда балабақшалар алғашқылардың бірі болып ECERS-3 шкаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымында сапаны кешенді ішкі бағалаудан өтті, бұл балабақша топтарының білім беру ортасын, кеңістікті, уақытты ұйымдастыруды және өзара әрекеттесуді бағалауға және сапаны қамтамасыз ету саласында мектепке дейінгі білім беру ұйымының одан әрі дамуын жоспарлауға мүмкіндік берді.

2022 жылы Кәсіпорын пилоттық жобаларға қатысты:

1) ҚР БҒМ Ерте даму институтының бастамасымен «Күні бойы мектепке дейінгі ұйымдар тобындағы екі педагог».

2) ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығымен және БҰҰ Балалар қорымен (ҚР ЮНИСЕФ) бірлесіп Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту бағдарламаларының сапасын өзін-өзі бағалау бойынша зерттеу.

Балабақшаларда интерактивті коммуникативтік технологияларды -«сөйлейтін» қабырғаларды, Реджио ортаны, интерактивті еденді, балалар белсенділігі орталықтарын, робототехника зертханаларын, аква және гидропоникалық қондырғыларды, Кванториумдарды және т.б. қолдана отырып, оқыту пәндік-дамыту ортасы ұйымдастырылған.

Балабақшадағы балалар бақытты, дендері сау, ізденімпаз болып өседі. Қалыптасқан білім, икемділіктер мен дағдылар балабақша тәрбиеленушілеріне әртүрлі деңгейдегі конкурстар мен жарыстарға нәтижелі қатысуға мүмкіндік береді.

Балалардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін спорттық, шығармашылық, зияткерлік, сауықтыру және демалыс бағыттары бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылады.

Кәсіпорында:

- ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты.

- Халықаралық институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі бар (американдық аккредиттеу агенттігінің NAEYC кіші жастағы балаларға білім беру жөніндегі ұлттық қауымдастығының стандарттары).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша балабақша озық санатқа жатқызылды.