Электрондық балабақша

«Электрондық балабақша» АС бойынша мәлімет

«Е-KARLYGASH» жобасы (электрондық балабақша) балаларды электрондық негізде топтарға бөлуге және белгілеуге, ал «жеке кабинеттің» көмегімен ата-аналарға балалары туралы күнделікті мәліметтер алып отыруларына мүмкіндік береді.

«Электрондық балабақша» ақпараттық жүйесінің модульдері

       1.   «Мектепке дейінгі білім беру қызметі»

Құжаттар қабылдау және балаларды топтарға белгілеу, мониторинг жүргізу және балабақшаға мұқтаждардың тізіміне өзгерту енгізу

       2.  «Балалар контингентін басқару»

Баланы тіркеу немесе есептен шығару, баланы өз жасындағы топқа ресімдеу, балаларды топтарға/балабақшаларға ауыстыру

      3. «Ата-ананың жеке кабинеті»

Баланың күн тәртібі мен балабақшаға келуі туралы мәлімет, хабарлар және кері байланыс, арыз-шағымдар және ұсыныстар, маңызды оқиғалар мен шаралар дайджесті

      4.   «Медициналық блок»

Баланың денсаулық паспорты, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, тамақтандыруды ұйымдастыру, қызметкерлердің денсаулық құжаттарын бақылау

     5.  «Балабақша нысандарының реестрі»

Балабақшалардың негізгі сипаттамасы және фотосуреттері, топтар мен олардың толымдылығы, оқу бағдарламалары, кадр құрамы

     6. «Жеке мәліметтерді және интеграцияны қорғау»

Ата-аналарды балаға қатысты жағдайлар туралы sms және email арқылы хабардар етіп отыру

Келешекте тағы 6 модуль қосу жоспарлануда.

«Ақылды балабақша» жобасы ғимаратты автоматтандыру жүйесінің көмегімен балабақшада балалардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етеді:

1.Өртке қарсы қауіпсіздікті басқару жүйесі

2. Басқару жүйесі –Террорға қарсы қауіпсіздік

3. Балалардың денсаулық жүйесі

4. Энергия үнемдеу жүйесі