Әріптестер


Біздің әріптестер

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК елорданың жетекші білім ошақтарымен табысты ынтымақтастық орнатқан.

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, «Астана» халықаралық ғылыми кешені және Нұр-Сұлтан қаласы Гуманитарлық колледжі сияқты ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан.

«Қарлығаш» балабақшасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ-ның пилоттық жобасы аясында тіл үйретуде тілдік ортаға бойлау әдісін енгізу жөніндегі экспериментальдық алаң ретінде анықталған. Осы жобаны іске асыру, теориялық және тәжірибелік білім-дағдыларды нығайту үшін 2018-2019 оқу жылдары Кәсіпорынның 50 педагогы «НЗМ» ААҚ жаттықтырушыларынан қосымша білім алды, балабақшаның 4 әдіскері Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ААҚ балабақшасына және 2 маман Эстонияның (Таллин) 5 балабақшасына барып, олардың тәжірибелерімен танысып келді. Аталған жобаның іске асырылу барысына «НЗМ» ААҚ басшылығы тұрақты мониторинг жасап отыр. Педагогтарымыздың тәжірибелік қызметінің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Кәсіпорын «үздік» баға алып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді модернизациялау орталығы Кәсіпорын педагогтарының әдістемелік оқулықтарына рецензия жасау және авторизациялау жұмыстарын жүргізеді. 

Кәсіпорын балабақшаларының қызметкерлері мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша Токио, Москва, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Прага, Милан, Таллин және Баку қалаларында өткен халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысты.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

  info@orleu-edu.kz, kuzhat@orleu-edu.kz
«Астана» халықаралық ғылыми кешені

   office@isca.kz