Директордың үндеуі

Искакова Гульнар Кайроловна


Мектепке дейінгі тәрбие балалардың дамуындағы маңызды кезең екендігіне нық сенетін «Қарлығаш» балабақшаларына қош келдіңіз.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК (Кәсіпорын) Қазақстанның мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдары арасында сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2009 сәйкестік сертификатына ие жалғыз мекеме және ол еліміздің алдыңғы қатарлы мектепке дейінгі мекемелерінің қатарына кіреді. Кәсіпорын жалпы жобалық қуаты 750 орындық үш балабақшаның жұмысын жүргізеді.

Балабақша жұмысында мамандарымыз шетелдік әріптестерінен үйреніп, жергілікті контекстке бейімдеген мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің үздік халықаралық тәжірибелері мен жаңашыл әдістемелерін кеңінен қолданады.

Біздің білікті де білімді педагогтарымыз балаларға жоғары сапалы білім беруде және тәрбиелеуде. Оқытушылардың 80 пайыздан астамының категориялары бар, олар шет елдерге оқуға барып, тренингтер мен мастер-кластарға қатысып, өз кәсіби дағдыларын үнемі арттырып отырады, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген мамандар қаншама.

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту - Кәсіпорын басымдығының бірі. Балабақшаларда 5 рет тамақтандыру ұйымдастырылған, шынықтыру, сауықтыру гимнастикасы, балалар фитнесі, галатерапия және т.б. денсаулықты күшейтуге бағытталған технологиялар қолданылады. Жоғары білікті медицина қызметкерлері білім-тәрбие процесіне жоғары медициналық сүйемелдеу қызметін көрсетеді.

Біздегі материалдық-техникалық база мен пәндік-дамыту орта әр баланың мүмкіндігін ашуға көмектеседі, әр балдырғанның зияткерлік тұрғыда ашылуына, өнерлі болып өсуіне, денсаулығы шыныққан бала болуына көмектеседі.

Негізгі оқыту бағдаламасымен қоса, балабақшамызда әр баланың қажеттілігіне қарай және ата-аналардың өтініштері негізінде қосымша сабақтар мен үйірмелер (шахмат, би, гимнастика, тіл үйрену, т.б) ұйымдастырылған.

Балабақшамыздың тәрбиеленушілері зияткерлік, шығармашылық және спорттық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болған. Жұмыс істей бастаған 10 жылдың ішінде біз 700-ден астам баланы оқытып-тәрбиелеп шығардық, бүгінде олар «Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Дарын», Республикалық физика-математика мектебі, Astana English shool, Seed School, «Шабыт» өнер мектебі т.б. еліміздің үздік білім ошақтарында үздік үлгерім көрсетуде.

Біз мақтана алатын жетістіктер көп және осы мол тәжірибемізбен еліміздің өңірлеріндегі әріптестерімізбен бөлісе бастағанымызға қуаныштымыз. Тәжірибе бөлісу жұмыстары аясында еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарының қызметкерлеріне бірқатар семинар өткіздік. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды жоспарлаудамыз және мектепке дейінгі отандық білім саласының сапасын артыру жолында әріптестерімізбен табысты ынтымақтастыққа үміттіміз.

Құрметпен,


ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК директоры

Искакова Гульнара Кайролловна