Бос жұмыс орындары
2022 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-ның бос қызмет орындарына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК
Орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 82 ғимарат.
Пошталық мекенжай: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 82 ғимарат, 1 ғимарат, анықтама телефоны 8 (7172) 27-17-98, gulzada.tusupbekova@mail.ru бос қызмет орындарына жалпы конкурс жариялайды:
Диеталық мейірбике – 1 ставка.
Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары: лауазымдық жалақыдан 220 000 теңгені құрайды, еңбекақы ай сайын жүргізіледі.
Функционалдық міндеттері: жыл сайынғы перспективалық мәзірді, оның ішінде аллергоанамнезі бар балалар үшін әзірлеуді, түзетуді (қажеттілігіне қарай) және келісуді қамтамасыз ету;
Бөлім басшысы – педиатр дәрігерге талдау анықтамасын ұсына отырып, маусымдық 10 күнде 1 рет тамақ рационының химиялық құрамы мен калориялылығына (жинақтау ведомосі бойынша) жүйелі түрде есеп жүргізу;
ҚР ПІБ МО МСЭҚБ зертханасымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы балабақшаларға жеткізілетін өнім сапасының есебін жүргізу;
Кәсіпорын балабақшаларының бракераж комиссияларының жұмысына қатысу;
Қазіргі заманғы әлемдік трендтер мен тарихи ұлттық тәсілдерді пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздеумен және бейімдеумен айналысу;
Тамақтану мәселелері бойынша педагогикалық кеңестерге, өндірістік кеңестерге, ата-аналармен кездесулерге және т. б. қатысу/сөз сөйлеу.;
Өз құзыреті шегінде Қаржы-шаруашылық есеп және экономикалық жоспарлау, бухгалтерлік есеп бөлімдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Дұрыс тамақтану туралы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
Кәсіпорынның балабақшаларында сапалы теңдестірілген балалар тағамын ұйымдастыру бойынша орта медициналық персоналға консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындау;
Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда сектор меңгерушісіне және тікелей РОО басшысына дереу хабарлау;
Кәсіпорынның ішкі стандарттарының және сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) құжаттарының талаптарын сақтау.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тамақтандыру бойынша әдістемелік ресурстарды әзірлеуді қамтамасыз ету;
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар: Орта медициналық білім. Мамандығы бойынша сертификатының болуы. Біліктілік санатының болуы. Мектепке дейінгі мекемелерде медбике немесе диеталық мейірбике ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қонкусқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 22 маусымнан 29 маусымға дейін. Құжаттар жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) түйіндеме, қосымша үлгі түйіндеме ұсынылады;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
4) білім туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).