Тәрбие-білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең маңызды ресурс - кадрлар. Біздің балабақшамызда жұмыс істейтін білікті педагогтар мен мамандар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оларға білім беруде әр балаға жеке тұлға ретінде қарайды. Педагогтардың 82 пайызы категориялық санаттарға ие.

Біздің мамандар өз кәсіби деңгейлерін тұрақты жетілдіріп отырады, түрлі республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі оралып жүр:

  • «Үздік педагог» республикалық конкурсы;

  • «Вопросита» - «Физическое развитие детей» бүкілресейлік конкурсы;

  • «Мектепке дейінгі білім берудегі : инновация, ізденіс»; республикалық конурсы

  • «Үздік әдістемелік 100 оқулық» республикалық конкурсы;

  • «EXPO 2017» республикалық зияткерлік марафоны;

  • «Тәрбиеші болу - бақыт» республикалық конкурсы;

  • «Менің үздік презентациялық сабағым» республикалық конкурсы;

  • «Ізденімпаз тәрбиеші» республикалық конкурсы;

  • «Тәлімі мол тәрбиеші – ұстаз» республикалық конкурсы;

  • «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі үздік заманауи сабақ» республикалық конкурсы.

Психолог-педагогтар топтардағы психологиялық ахуалды қадағалап, балалармен диагностикалық, коррекциялық және дамыту жұмыстарын жүргізеді. Арт-терапия өткізеді, саусақтардың ұсақ моторикасын, сөйлеу тілін, ойлану және зерделеу қабілетін дамытады.

Логопедтердің жұмысы балалардың сөйлеу тілі мен артикуляциялық моторикасын, дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуге бағытталады. Әсіресе, қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуға үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.


Галерея