Тәрбиеленушілер

Біздің тәрбиеленушілеріміз балабақшада өздерін жайлы сезінеді, өз мүмкіндіктері және қабілеттеріне сай дамиды.

Балабақша қызметкерлері мен балалардың отбасылары баланың жеке қабілеттерін аша түсетін, оның болашақтағы жетістіктеріне қолдау болатын құзырлықты дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істейді.

Біздің балаларымыз - Халықаралық балалар шығармашылығы конкурстарының, «Пони – готовься к школе!» халықаралық зияткерлік балалар конкурсының, «Жұлдызды жол» қалалық зияткерлік конкурсының және т.б. байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.

Біздің балдырғандарымыз

• зияткерлік тұрғыдан дамыған және жақсы шыныққан;

• еркін, дербес және белсенді;

• өз ойларын жеткізе алатын;

• адамдарға жанашыр, қоршаған ортаның сұлулығына ынтық және өнер туындыларының мазмұнын түсінетін;

• ересектермен және өз қатарларымен еркін араласатын;

•жаңа әлеуметтік сатыға ауысуға жақсы дайындалған балалар.

Біздің түлектеріміз Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Дарын», «Мирас», Республикалық физика-математика мектептері, Астана Халықаралық мектебі, «Білім-инновациялық лицей», Қазақ ұлттық хореография академиясы сияқты еліміздің алдыңғы қатарлы білім ошақтарында білім алуда.




Галерея