«Қарлығаш жұлдыздары» интеллектуалды білім сайысы

07.06.2021
Кәсіпорынның бірінші кезектегі тәрбиелік-білім беру міндеттерінің бірі балаларды мектепке сапалы дайындау және дарынды балаларды анықтау болып табылады. 2021 жылдың 3-14 мамыр аралығында Кәсіпорында мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері арасында «Қарлығаш жұлдыздары» Бірінші зияткерлік білім беру конкурсы өтті. 3 кезеңде өткен Олимпиада барысында балалардың зияткерлік және шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерін ашылды. Тапсырмалар логикалық ойлауға, математика мен сауаттылық негіздерін білуге, қоршаған ортаға бағдарлануға бағытталды. Үш сатылы Олимпиада мектепалды даярлық топтарындағы барлық баланы қамтуға мүмкіндік берді! I-ші іріктеу кезеңі әр топта өтті және оған барлық тәрбиеленуші қатысты. Үздік атанған және II кезеңге өткен балалар басқа топтардың үздік балаларымен жарысты. Ал балабақшаның үздіктері Кәсіпорын Олимпиадасына қатысуға ұсынылды! Олимпиаданың қорытынды III кезеңі онлайн-форматта өтті. «Қарлығаш жұлдыздары» интеллектуалдық олимпиадасының қорытындысы бойынша Баскен Әмір, Айолатова Айзере, Тоқсаба Нартай, Мырзақожа Жансая Гран-при иегерлері, ал Әшім Әміре 1 орын алды. Елордада карантинге байланысты жыл сайынғы Зияткерлік Олимпиада өткізілмегенімен, «Қарлығаш» балабақшасындағы жұмыс штаттық режимде жалғасты. Өзінің алғашқы зияткерлік байқауында жеңіске жеткен біздің тәрбиеленушілерімізге сәттілік тілейміз!

Галерея