Балабақшамен қоштасу – «Бала шақтан – болашаққа!» - мерекелік іс-шара

04.06.2021
Балабақшаны бітіру салтанаты - балалар мен олардың ата-аналары үшін де, педагогтер үшін үлкен мереке. 2021 жылдың 2-4 маусым аралығында Кәсіпорын балабақшаларында «Балалық шақтан – болашаққа» атты бітіру ертеңгіліктері өтті. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бітіру ертеңгіліктері таза ауада, балабақшаның арнайы безендірілген спорттық және ойын алаңдарында өткізілді. Салтанатқа балалардың ата-аналары да қатысты. Ертеңгіліктер «Гарри Поттер» ертегісінің желісімен, «Ең үздік» бағдарламасының сценарийі бойынша және мерекелік салтанат форматында өтті. Балабақшаға, тәрбиешілерге, ата-аналарға арналған әдемі әндер шырқалды. Балалар орындаған әсерлі билер көрермендердің қызу қошеметіне бөленді.

Галерея