"Қош келдің, Әз - Наурыз!»

"Қош келдің, Әз - Наурыз!»
19.03.2021
2021 жылдың 15-19 наурызында біздің балабақшада балаларға арналған «Наурыз мейрамы» атты мерекелік ойын-сауық ұйымдастырылды. Мереке кезінде балабақшада мейірімділік, көңілді және қуаныш атмосферасы орнады. Тәрбиеленушілер қызығушылықпен қатысып, «Көрісу», «Бесікке салу» қазақ салт-дәстүрлерімен танысты, «Соқыр теке», «Қыз қуу», «Киіз үй» ұлттық ойындарын ойнады. Ертегі кейіпкерлері Желаяқ, Көлтаусар және Саққұлақпен бірге балалар Наурыз туралы көңілді әндер айтып, өлеңдер оқып, жұмбақтар шешіп, зұлым Жалмауыз кемпірді жеңді. Балалар қазақ ұлттық ойындарын қызығушылықпен ойнады. Мереке қызықты, көңілді өтті. Ұлттық ойындар балалар мен ересектерге зор қуаныш пен сергектік сыйлады.

Галерея