«Үздік әдістемелік мақала» сайысының жеңімпазы

04.03.2021
Рухани жаңғыру ақпараттық-талдау орталығы мен «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы педагогтардың үздік жұмыстарына «Үздік әдістемелік мақала» сайысын ұйымдастырып, өткізді. Сайыс педагог қызметкерлердің ғылыми, әдістемелік, шығармашылық қызметін дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ педагог-мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін БАҚ-та жинақтау мақсатында өткізілді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үміткерлердің мақалаларын редакциялық алқа сарапшыларының қарау нәтижелері бойынша анықталды. «Қарлығаш» балабақшасының педагог – психологы А.О.Төлеген 1-ші орын үшін І-дәрежелі диплом алып, осы байқаудың жеңімпазы атанды. Айман Оралбаевнаның мақаласы «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланды.

Галерея