1маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күні»

1маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күні»
01.06.2021
Балалық шақтың басты мерекесі-Халықаралық балаларды қорғау күні көңілді өтті. Балабақшаның тәрбиеленушілерін есік алдынан сайқымазақтар қарсы алды. Балалардың қуанышты жүздерін көріп, көңілді балалардың күлкісін есту керемет. Олар балалармен амандасып, оларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Әр балаға сыйлыққа түрлі-түсті шарлар берілді. Сонымен қатар, сайқымазақтар әр топтың ойын алаңына барып, балаларды мерекемен құттықтады. Мереке көңілді әуенге флешмоб билеумен, көңілді поровозға отырумен жалғасты. Бұл күні педагогтер мерекені балалардың есінде ұзақ уақыт қаларлықтай етуге, мерекелік атмосфера құрып, балаларды көңілді ойындармен, әндермен, билермен қуантуға тырысты.

Галерея