«Ағаш отырғызайық!» экологиялық марафоны

28.04.2021
2021 жылғы 28 сәуірде балабақшамызда «Ағаш отырғызайық!» экологиялық марафоны өтті. Акцияға балалар, ата-аналар мен тәрбиешілер қатысты. Балалар ағаш отырғызу процесін жай бақылап қойған жоқ, олар бұл шараға бастан-аяқ қатысты: шұңқыр қазып, қазылған жерге салынған ағаштың тамырын топырақпен жапты, суарды. Балабақшадағы ағаштармен қоса бұталар да отырғызылды. Акция нәтижесінде балабақша аумағы жасыл желекті ағаш-бұталармен толықты, ата-аналар мен педагогтердің тығыз ынтымақтастығына жайлы орта жасалды, ата-аналардың балабақшаға деген оң көзқарасы қалыптасты. Ал Кәсіпорын аумағында жылдың кез-келген уақытында көздің жауын алатын керемет ағаштар пайда болды. Барлық акция қатысушыларына үлкен рахметімізді айтамыз!

Галерея