Ақпан айындағы игі істер бойынша ақпарат (01.02.-08.02.2021 ж.)

10.02.2021
1. Екі педагог «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми - педагогикалық журналында жариялана отырып, білім беру саласының қызметкерлері үшін ұйымдастырылған «Иинновациялық сабақ-2020» республикалық байқауына қатысты. Осынау іс-шара аясында тәрбиешілер С.Б.Махамбетова мен Э.А.Шаукерова педагогикалық байқауларға белсенді қатысқаны және кәсібиліктері үшін, жеке және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсеткені үшін «Үздік зерттеуші ұстаз» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды. 2. Педагогикалық тәжірибе трансферті аясында логопед Б.Шарипова «Педагог жаршысы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Мнемотехника – жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тілін дамыту үшін табысты әдіс» тақырыбы бойынша мақала жариялады. 3. Өз білімдерін жетілдіру шеңберінде Кәсіпорынның 14 педагогі «МЦФЭР – Қазақстан» білім беру орталығы ұйымдастырған «Балаларды ерте дамыту әдістемелері: Масар Ибука, Глен Доман және Никитиндер отбасы бойынша оқытудың теориясы мен практикасы» оқу вебинарына қатысты.

Галерея