29.04.2021
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ ҚҰРМЕТТІ БАСШЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК Сіздерді «Балалардың мүмкіндіктерін іске асыру кеңістігі» тақырыбы аясында республикалық-тәжірибелік семинарға қатысуға шақырады. Семинардың мақсаты - Баланың шексіз мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай жасау жөніндегі ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК ұжымының жұмыс тәжірибесін тарату. Семинар жұмысы аясында: - Кәсіпорын педагогтерінің практикалық тәжірибелерін таныстыру; - Кәсіпорынның үш балабақшасына виртуалды тур жасау; - семинарға қатысушылармен мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша тікелей эфирде практикалық пікірталас өткізу жоспарлануда. Іс-шараға қатысуға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыс орталықтарының білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, ҚР мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-практиктері және Кәсіпорынның әлеуметтік серіктестері - ҚР БҒМ Басқарушы және педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың «Өрлеу» ұлттық орталығы» АҚ филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша), ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ, «Бөбек» ҰҒПББСО» РМҚК (Алматы қаласы) және басқа да қонақтар шақырылып отыр. Республикамыздың мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтері қатысатын семинар ZOOM платформасында тікелей эфирде өтеді. Өткізу күні: 2021 жылғы 30 сәуір Өткізу уақыты: 09.30-17.00 (үзіліс 13.00-14.00) Өткізу тілі: қазақ, орыс Семинарға тіркелу үшін Google нысанында көрсетілген сілтемеге өтіңіз (сілтемені басыңыз немесе оны браузердегі іздеу өрісіне көшіріңіз) https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfLYJbdnGRdEwe9vt0pYvwWg1zqRD3OR0LoQVRejIMNOYQwOw/viewform?usp=sf_link Өтінімдер қабылданатын соңғы күн - 2021 жылғы 28 сәуір Байланыстар (анықтама үшін) 8 702 341 71 70 (Құралай), 8 701 446 49 08 (Татьяна), 8 701 538 20 20 (Диана) е-mail: r.o.center@mail.ru Біз әлеуметтік желілердеміз: https://www.instagram.com/r.o.center/ https://www.facebook.com/r.o.center2019/?modal=admin_todo_tour https://www.facebook.com/groups/556466874995531/?source_id=111026113856240