Балалардың махаббатына бөленген педагог

23.06.2022

Кез келген саланың дамуы кәсіби кадрларына байланысты болады. «Қарлығаш» балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын ілгерілетуге үлес қосып жүрген мамандар жетерлік. Соның бірі – тәрбиеші Алма Айдарбекқызы Тауекелова.

 Ол білім беру саласында 30 жылдан аса, соның ішінде «Қарлығаш» балабақшасында 12 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде Алма Айдарбекқызы өзін кәсіби тұрғыдан жоғары көрсете білді. Кейіпкеріміз әріптестері арасында беделді, балалардың махаббаты мен ата-аналардың құрметіне бөленген бастамашыл әрі шығармашыл педагог.

 Алма Айдарбекқызы балабақшамызда еңбек еткен жылдары 7 рет мектепке бүлдіршіндерді дайындап шығарды. Оның тәрбиеленушілері әрдайым республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, үздік нәтижелер көрсетеді. Бұл – тәрбиеші үшін ең үлкен жетістік.

 Кейіпкеріміздің жұмыстары түрлі деңгейде өз бағасын алды. Ол «Қарлығаш» балабақшасының, ҚР ПІБ медициналық орталығының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Алғыс хатымен» және Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.


Галерея