Бірге жүрген көңілді

03.08.2022

 Балалар жазғы уақытын балабақшада көңілді өткізіп жүр. Қазіргі уақытта күрделі сабақтар болмайды. Бірақ біздің мамандар тәрбиеленушілердің осыған дейін үйренгенін ұмытпау үшін танымдық әрі қызықты жұмыстар ұйымдастырады.

 Мәселен, осы аптада балабақшамызда «Бірге жүрген көңілді» танымдық-шығармашалық апталығы өтіп жатыр. Балалар жұмыс барысында тіс щеткасымен, көкөністердің көмегімен бастыру әдісі арқылы сурет салды. Бұл олардың моторикасын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға көмектеседі.

 Сонымен қатар тәрбиеленушілер «Бірге жүрген көңілді» танымдық-шығармашалық апталығында «Жұмбақтар» стансасына барып, танымын кеңейтті. Осыдан соң олар «Бас киім кеші» іс-шарасында түрлі бас киімдерді безендіріп, шарға сурет салып, көңілді уақыт өткізді.

 Мұндай танымдық-шығармашылық жұмыстар осы аптаның бойы балабақшадағы барлық топта ұйымдастырылмақ.