«БІЗ ІЗДЕГЕН ТАЛАНТТАР» байқауының жеңімпаздары

«БІЗ ІЗДЕГЕН ТАЛАНТТАР» байқауының  жеңімпаздары
15.03.2021
Дарынды және талантты балаларды анықтау мақсатында «Art Empire» өнер орталығы «БІЗ ІЗДЕГЕН ТАЛАНТТАР» - атты халықаралық таланттар байқауын ұйымдастырды. Балалар мен жастарға арналған бұл беделді көп жанрлық байқау мәдениеттердің өзара кірігуіне және біртұтас көпұлтты мәдени кеңістік құруға бағытталған болатын. «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері «5-7 жастағы балаларға арналған Хореография» номинациясы бойынша «ДАЛА РУХЫ» әдемі биімен қатысып, 1-ші орынға ие болды! Би идеясы, дарынды балаларды іріктеу және көркем қойылымды хореограф Қабдешева Алмагүл Қайроллақызы жүзеге асырды. Педагог пен тәрбиеленушілерді осы адал және лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Галерея