Денсаулық күні

Денсаулық күні
12.02.2021
Балабақшамыздағы спорттық іс-шара қызықты флешмобтан басталды. Көңіл көтеретін музыка, көңілді қимыл-қозғалыстар балалардың да, педагогтердің де көңілін бір көтеріп тастады! Күш пен икемділік, жеделдік пен жігерлік сынға түскен көңілді эстафета осындай көңіл-күймен басталды. Эстафета барысында балалар «Аққала», «Хоккей», «Жақсы көретін ойыншықтар», «Мықты денсаулық» сияқты қызықты тапсырмалар орындады. Спорт нұсқаушылары мен тәрбиешілер балаларды спортпен шұғылдануға үндеп, спортпен айналысатын баланың денсаулығы мықты, өзі икемді, сабағы нәтижелі болатынын түсіндірді. Спорт мерекесі қызықты өтті! Балалар команда болып жарысып, бір-біріне жанкүйер болды, жоғары спорттық жетістіктер көрсете білді!

Галерея