Балабақшамен қошатасу мерекесі

05.06.2019
Оқу жылының табысты аяқталуы құрметіне Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында 28-31 мамыр аралығында «Қош бол,  сүйікті  балабақшам!» атты мерекелік шаралар өтті. 
№1 нысанда  балаларға арнап қызықты билер, ойындар, флешмобтар ұйымдастырылды. Ал «Сильвер –шоу» думаны балалар үшін  күтпеген  сыйлық болды.
№2 нысанда мерекелік бағдарлама аясында қызықты «Крио-шоу» думаны ұйымдастырылып, балалар қызықты және креативті ойындар  ойнады. 
№3 нысанда Вена би кеші стилінде мереке ұйымдастырылып, балалар классикалық полонез, полька, вальс, танго сияқты билерді тамаша орындады. Сәнді көйлектер мен  костюмдер киген балалар бұл күні ерекше сұлу болды. 
Бал кешінен кейін балалармен «Робот-конструктор» ойнады, ол балаларға роботтан қалай машинаға айналуға  болатынын  көрсетті. 
Мерекелік шаралардан кейін барлық нысанда балалар үшін тәтті  дастархан жайылды. Сөйтіп тамаша мерекені дастархан басында жалғастырды. 

Видеоға сілтеме
Фотосуреттерге сілтеме

Галерея