«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Атырау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында болды

24.05.2023

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Атырау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында болды.

«Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева бастаған топ жергілікті «Мирас», №39 «Ақ көгершін», №6 «Гүлдер» мектепке дейінгі ұйымдарында болып, топтардағы балалардың белсенді іс-әрекеті, шығармашылық орталық, қазақ тілі, психолог т.б. кабинеттердің жұмысымен танысты.

Ертең, сапардың екінші күні  Атырау қалалық білім бөлімі мамандарының және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.


Галерея