“Қарлығаш» балабақшасы» РМК 3-нысанының салтанатты ашылуы

17.01.2018

2018 жылдың 17 қаңтары күні «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-ның 350 орынға арналған жаңа №3 нысаны ашылды. Жаңа форматтағы балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы басшысының бірінші орынбасары Ерлан Баттақов қатысты.

Құрметті қонақтарға және ата-аналарға заманауи оқу бөлмелері көрсетілді. Педагогтар мен тәрбиеленушілер қонақтардың назарына өз өнерлерін ұсынды.