«Қарлығаш» балабақшасында Нептун күні атап өтілді

«Қарлығаш» балабақшасында Нептун күні атап өтілді
20.07.2019

Тамаша жазғы ауа райы балабақшада жыл сайынғы дәстүрлі балалар мерекесін өткізуге мүмкіндік берді.

Жаз кезінде атап өтілетін ең қызықты мерекенің бірі - «Нептун күні». Балалар да, ересектер де жақсы білетін бұл мереке барлық балабақшаларда, мектеп жанындғы лагерьлерде, санаторийлерінде жазғы дәстүрге айналған.

Биылғы мерекенің сценарийі өте қызықты болды. Қонаққа келген Нептун мен Су перісі балаларға ертегі сыйлады. Ата-аналар да бұл шарадан тыс қалған жоқ. Су тақырыбына ұйымдастырылған өте қызықты ойындар қатысушылардың барлығына тамаша көңіл-күй сыйлады.

Жеңіске жету үшін балалар барлық өнерлерін ортаға салды, барынша табандылық көрсетті. Ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдалды. Мерекенің ең қызықты сәті - бір-біріне су шашу рәсімі болды. Мерекеге қатысқан барлық балалар мен ата-аналарға Су перісі пайдалы сусын таратты.

Бұл жазғы мереке балаларға тамаша эмоция сыйлап қана қоймай, олардың шынығуларына зор мүмкіндік жасады. Балалар қызыға ойнаған су ойындары олардың жан-жақты физикалық дамуы мен сауығуларына үлкен сеп болғаны анық.

Видео сілтемесі


Галерея