Жаңа жылдық ертеңгіліктер

30.12.2021

 Жаңа жыл келе жатыр!!! Ересектер мен балалардың ең сүйікті мерекесі келе жатыр! Бізді   керемет эмоциялар мен сезімдер, ғажайыптар мен сиқырлар күтіп тұр!!!

«Қарлығаш» балабақшасында жаңажылдық ертеңгіліктер балалардың таланттары мен қабілеттерін ашуға, олардың қиялдарын дамытуға және балалардың ұжымдарын біріктіруге ықпал етеді! Балалар Жаңа жылды тойлаудың тарихымен және оның дәстүрлерімен танысады.

Осынау   ғажайып мереке қарсаңында баршаңызға мол жақсылық, жылулық пен бақыт тілейміз! Әр баланың балабақша қабырғасындағы өмірі ең ізгі естеліктерге толы болсын!