Жасимбекова Бану Какимовнаның «Балабақшада ертегі қойылымдарын пайдалану» атты авторлық әдістемелік көмекші құралы

28.12.2020
Бүгін, біздің парақшамызда! ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-да педагогикалық тәжірибесін жинақтап, Жасимбекова Бану Какимовна «Балабақшада ертегі қойылымдарын пайдалану» атты авторлық әдістемелік көмекші құралын шығарды. Сіздердің назарларыңызға танысуға және өз тәжірибелеріңізде пайдалануға ұсынамыз! Бүлдіршіндерге сапалы білім берудің негізгі кілті педагог үшін жан-жақты іздену. Тиімді әдістерді тауып пайдалана білу, күнделікті оқу қызметін үнемі жаңашыл инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, неғұрлым балаға нәтижелі білім беру кез келген тәрбиешінің алдына қойған үлкен міндеті. Әдістемелік көмекші құрал балалардың ертегі қойылымдары арқылы тілдерін дамытуда, сөздік қорын молайтуда, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда маңызды.Баланың тілін дамытуда халық ауыз әдебиеті үлгілерін тиімді пайдалану, оның ішінде асыл мұраларымыздың бірі-ертегілердің алатын орны ерекше. Келесі сілтемемен өтіңіздер: https://cloud.mail.ru/public/FAjd/dXXtLjtzR

Галерея