Оқыту мен тәрбиелеу
Біздегі тәрбие-білім беру қызметі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік оқу бағдарламасына және Мектепалды даярлық бағдарламасына сәйкес және балаларды оқытудың алдыңғы қатарлы инновациялық әдістері негізінде жүргізіледі:
- Нысанды тілдік ортаға бойлау әдісі (Канада, Эстония)
- Воскобовичтің дамытушы ойындары (Ресей);
- Пятибратованың әдістемесі (Ресей);
- Реджио педагогикасы (Италия);
- Монтессори әдістемесі.
- Робототехника негіздері;
- Арт-терапиялық техника.
Сабақтарда қолданылатын тәсілдер мен технологиялар:
- Өнертабыс міндеттерін шешу теориясы (ТРИЗ);
- Графикалық модельдеу;
- Тестопластика, қамырмен жұмыс істеу;
- Степ-ырғақ және ойын стретчинг элементтері;
- Дәстүрлі емес техникалар қолданылатын декоративті-қолданбалы өнер,
- Мультимедиялық интерактивті технологиялар (МИЦ кешені, интерактивті құммен ойнау кешені, интерактивті еден, «Дэльфа» логопед аппараты),
- Сингапурлық технология
- Steam-технология.
Дене тәрбиесінде дәстүрлі әдістермен қатар степ-ырғақ және ойын стретчингі элементтері қолданылады.
Сондай-ақ, балалар робототехника негіздерімен, дәстүрлі емес техникаға негізделген декоративті-қолданбалы өнермен айналысады.