Қосымша білім

«Қарлығаш» балабақшасында» балалардың қажеттіліктері мен ата-аналардың ұсыныстарының ескере отырып, ақылы қосымша сабақтар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, каратэ секциясы, эстетикалық және көркем гимнастика, шахмат, шығармашылық дамыту және би студиялары, ағылшын тілін үйрету курсы. 

Оған қоса, балабақшада психолог-педагогпен жеке консультация және психокоррекция сабақтарын өткізу, балаларға арналған ойын-сауық шараларын өткізу, аспаздық өнімдер пісіру, емдік дене шынықтыру жасау, реабилитолог-дәрігердің консультациясы сияқты қосымша қызметтер көрсетіледі. 

Қосымша біліммен балалардың 80 пайыздан астамы қамтылған, ал ата-аналардың аталардың 97 пайызы аталған қызметтерге жақсы баға беріп отыр. 

2018-2019 оқу жылдарына арналған қосымша ақылы білім қызметтерінің тізімімен мына жерден >> таныса аласыздар.