«Ми гимнастикасы», «білім кинезиологиясы» (авторлары пс.ғ.д. Пол және Гейл Деннисондар) – физикалық және тыныс алу жаттығуларының дене энергиясын әлсірететін немесе көтеретін қызықты жүйе. Психология, педагогика, физиология және нейрофизиология саласындағы соңғы жетістіктерге сүйенетін холистико-психологиялық-педагогикалық бағыт. Арнайы ұйымдастырылған қимыл бас миын оңтайландыруға және адам дамуының жасырын ресурстарына қолжетімділікке мүмкіндік береді. Баланың ағзасына дамытушы сауықтырушы әсер етеді.

Қимыл арқылы дене мен мидың арасындағы нейрофизиологиялық бйаланыстарды қолдайды және дамытады.