Глен Доман әдісі (Америка) – балалардың даму заңдылығының егжей-тегжейлі зерттеу нәтижелеріне негізделген балалардың қарқынды зияткерлік және физикалық даму әдістемесі. Сөздері, цифрлары, әріптері мен объектілері бар көрсету карточкаларынан дидактикалық жүйе ұсынылған.

Оқу, санау және жазу дағдыларын дамытады, айтуын жақсартады, сөз қорын байытады, сөйлеуін, назарын, жадысын, елестетуін, шығармашылығын жетілдіреді. Балаларға ерте жаста нота сауатын оқуға және түсінуге мүмкіндік береді.