Денсаулық жолы

«Денсаулық жолы», массаж жолдары арзанқол немесе табиғи материалдардан (пластмасса бөтелкелердің қақпақтары, пластмасса текшелер, грек жаңғағының қабықтары және т.б.) әзірленеді. Қимыл қозғалыс үйлесімдігін, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің қызметін жақсарту, жалпақтабандылықтың, сколиоздың алдын алу, белсенді нүктелерге массаж жасау үшін қолданылады.

Балалардың жалпы дене дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қолданылады.