Валеологиялық лэпбуктер – ақпараттық бума немесе шағын кітапша болып табылады, онда белгілі бір тақырып бойынша білім жүйеленген. Лэпбуктер жаңа ақпаратты жылдам әрі тиімді меңгеруге және өткенді қызықты-ойын түрінде пысықтауға мүмкіндік береді. Киізден, қағаздан, коматекстен әзірленеді. Бұл тақырыптық құралдар көрнекті дайындалады, қалташалары бар айқын құрылымды болады, онда өлеңдер, тапсырмалар, салауатты өмір салты туралы суреттер жинақталған.

Сондай-ақ, есте сақтау мен сөйлеуді, ойлау мен ұсақ қол моторикасын дамыту үшін де қолданылады.