Гуманды педагогика (Грузия) – бұл классикалық педагогика мен ғылыми психологиялық зерттеулердің жүйелі білім кешені. Бала табиғатын түсінуге және қабылдауға мүмкіндік береді. Гуманды педагогиканың философиясын білу және оны педагогтердің қолдануы балаларда адамсүйгіштіктің, өнегеліліктің, адамгершіліктің, мейірімділіктің және тектіліктің дамуына ықпал етеді.
Гуманды педагогиканың нәтижелілігі отбасы мен білім беру ұйымының өзара әрекеттестігін пайдаланғанда жоғары болады.