Жобалау әдісі (халықаралық тәжірибе) – баланың зерттеу икемділігі мен дағдысын, күрделі жағдайда шешім қабылдауын, ойша тұжырым жасай білуін, қорытынды жасай білуін дамытатын әдістер мен қызмет тәсілдерін қолданып, жұмысты ұйымдастыру түрі.

Бұл жұмыс түрі белгілі бір тақырыпты меңгеруге бағытталған. Балабақшада балалардың жалпы танымдық-зерттеу, ойын шығармашылық әрекеті ретінде қолданылады.