Реджио – педагогика (Италия) – балаларды ерте жастан дамытудың ең перспективті бағыттарының бірі. Білім берудің инновациялық әдісі төмендегі қағидаларға негізделген:

Бала дегеніміз – адам, ал кез келген адам құрметке лайық.

Балалар өзінің білімі мен дамуын бақылай алады.

Балалар қолмен ұстау, қозғалту, қозғалу, тыңдау, көру және есту арқылы үйренеді. Осылардың барлығынан оларға шектеу қоюға болмайды.

Балалар өздері әлемді зерттеуге болатын кеңістікте басқа балалармен қатынас орнатады. Балаларда өзін көрсетудің көптеген жолдары мен тәсілдері (драма, музыка, сурет салу, ән айту, би, құрастыру, сұхбат) болу қажет.

Балабақшадағы пәндік орта балаларды өзіндік «Менін» тануына және мойындауына, байланысқа түсуіне, қоршаған ортаны зерттеуіне ынталандырады. Басты қағидалар – жайлылық және ашықтық. Орталық рөл – балалардың қызығушылықтары мен әңгімелерінен, ойындарынан туындайтын жобалармен жұмыс істеу. Жобалар бірнеше сағаттан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Балалар ойлағандарын неғұрлым толық жүзеге асыру үшін ересектер көмекші рөлінде болады. Балалардың шығармашылығы үшін кеңістік – балалар күннің көп бөлігін өткізетін және балабақшада өздерін үйіндегідей жайлы сезінетін дамыту ортасы (белсенділік, шығармашылық пен құрастыру, тіл үйрену орталықтары және т.б.) ұйымдастырылған. Педагогтер – бірлескен авторлар, бірлескен шығарушылар, олар дайын жауаптарды бермейді, баланың қызығушылығын ынталандырады. Осылайша балалар өз жаңалықтарын ашуға үйренеді. Балармен қарым-қатынас процесінде педагогтер де үйренеді, өздеріне жаңалықтар ашады, дамиды.

Басты идеясы баланы дамыту тәсілдемесінің негізі – ересектер байқамай қалған көптеген тәсілдер арқылы балалардың өзін танытуына мүмкіндік беруде жатыр. Баланың негізгі «ұстаздары» - қоршаған орта, жобалар, құжаттау.