10 жыл кезеңде біздің балабақшамызда еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарына қажет болатын мол педагогикалық тәжірибе қордаланып отыр.
      Балабақша педагогтары шетелдерге барып, мектепке дейінгі тәрбиелеудің үздік әлем тәжірибелерін үйреніп келіп, сол тәжірибелерін күнделікті жұмыстарында кеңінен қолдануда. Тілге бойлау әдісі, зияткерлік дамудың мультимедиялық технологиясы, Воскобовичтің дамытушы ойындары, М.Монтессори әдістемесі элементтері, робототехника негіздері және басқа да оқытудың инновациялық әдістері біздегі тәрбиелеу процесінің ажырамас бөлшегі болып табылады.
      Отандық мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру мақсатында «Қарлығаш» балабақшасы тәжірибемен бөлісу жұмыстарын бастап, еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары үшін бірқатар семинар өткізді. Атап айтқанда, 2019 жылғы 26 сәуірде елорданың 105 педагогы «Балалардың бойында ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытудың тиімді тәсілдері (4К)" тақырыбына арналған семинарға қатысса, 15 маусымда еліміздің түрлі өңірінен жиналған 100 шақты педагог «Заманауи талаптар контекстінде мектепке дейінгі білім беруді дамыту» республикалық семинарына қатысты.

 Тәжірибе бөлісу семинарлары бойынша видеоесептерді мына жерден көруге болады:
  • «Балалардың бойында ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытудың тиімді тәсілдері (4К)" атты елордалық семинар, 2019 жылдың 26 сәуірі
  • «Заманауи талаптар контекстінде мектепке дейінгі білім беруді дамыту» республикалық семинары, 2019 жылдың 15 маусымы

Галерея