Су құйып ойнайық!
Кнайп жүйесі бойынша контрасты су құю - таза ауада шынтаққа дейін 35 С жылы су мен 15 С салқын суды кезектеп құю/ су құйғаннан кейін сүртінбей, қолды сілкіп қана қою, сосын қолға арналған жеңіл гимнастикалық жаттығулар жасау. Жазғы кезде балаларды шынықтыру мақсатында ашық ауадағы су процедураларын пайдалану.
Мұзбен ойнау
Балалардың тактильді сезімдерін шынықтыру мен дамытудың тамаша мүмкіндігі; физика заңдарын зерделеуге, шығармашылық ойлауды дамытуға көмектеседі.
Жалаң аяқ жүру (Ригалық шынығу әдісі)
Жалаң аяқ үш түрлі жолды жүріп өту керек: біріншісі "тұзды жол", бөлме температурасындағы (t) ас тұзының 10% ерітіндісінде суланған кенеп жол, екінші жол - бөлме температурасындағы (t) жай сумен суланған кенеп жол, үшіншісі -құрғақ кенеп жол болады. Мұндай жолдармен жалаң аяқ жүру балалар ағзасының суыққа қарсы тұруын арттыруға көмектеседі.