Забажанова Татьяна Григорьевна – методист Ресурсно-образовательного центра, педагог-исследователь. Педагогический стаж работы 38 лет. На Предприятии работает 12 лет - со дня открытия.
Директордың үндеуі
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК (Кәсіпорын) Қазақстанның мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдары арасындағы ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001-2015) сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатына ие жалғыз ұйым болы табылады және біздің балабақша еліміздің озық мектепке дейінгі мекемелерінің қатарына кіреді.
2020 жылдың қараша айында Кәсіпорын қайта сертификаттау рәсімінен өтіп, 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін жарайтын Сертификат алды.
2020 жылдың маңызды жетістігі және 10 жылдық кезеңнің нәтижесі сол, Кәсіпорын ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестікті бағалайтын институционалдық аккредиттеуден рәсімінен өтті (NAEYC - Жас балаларға білім беру мәселелері жөніндегі ұлттық қауымдастықтың аккредиттеу саласындағы американдық агенттіктің стандарттары).
Кәсіпорынға жалпы жобалық қуаты 750 орындық үш балабақша қарайды.
Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту -Кәсіпорын басымдықтарының бірі болып табылады. Балабақшаларда 5 реттік тамақтану ұйымдастырылған, шынықтыру, сауықтыру гимнастикасы, балалар фитнесі, галатерапия және т.б. денсаулық сақтау технологиялары қолданылады. Жоғары білікті медицина қызметкерлері білім беру және тәрбие процесіне сапалы медициналық сүйемелдеу қызметін көрсетеді.
Жаңалықтар
Ертегі терапиясы - кейіпкерлердің образын қолданған және талдаған кезде ертегілерді тыңдау немесе эмоция шығару арқылы балаға өзінің қорқынышы мен үйрейін жеңуге мүмкіндік беретін психотерапевтік бағыт.
Бүгінде «Н» мен «Ң» дыбыстарының дұрыс айтылуын, балалар тіпті, үлкен адамдар да шатастырып жатады. Сол себептен, «Қарлығаш» балабақшасының логопед маманы Роза Байталиева дыбыстары енді қалыптасып келе жатқан мектепке дейінгі балаларда қазақ тіліне тән дыбыстардың бірі «Ң» дыбысын қалыптастырудың жолдары мен «Н» дыбысымен айтылу ерекшеліктерін ұсынады